Олланд Еуропа мен Ресей арасындағы шиеленістің шешілуіндегі Қазақстанның рөлін атап айтты

Франция басшысы Франсуа Олланд Ресей мен Еуропа елдерінің арасындағы ширыққан жағдайдың шешілуіндегі Қазақстанның ерекше рөлін атап айтты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олланд

Франция президенті Франсуа Олланд Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын. Екі ел басшылары келіссөздер өткізді.

"Кездесу барысында қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің негізгі бағыттары талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық, ғарыш, мұнай-газ және теміржол машиналарын жасау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды",  -делінген келіссөздер қорытындысы бойынша хабарламада.

"Біз Ресей мен Еуропа елдерінің арасындағы қарым-қатынастың ширығуы байқалып отырған уақытта кездесіп отырмыз. Мен мұның түйіні шешілгенін қалаймын, ал бұл орайда Сіздің ел айрықша рөл ойнайды", – деді Франция президенті.

Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы да пікір алмасты.

"Сіздің сапарыңыз біздің Ұлттық мерекеміз Тәуелсіздік күні қарсаңында өтіп отыр. Қазақстандықтар біздің Тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған Франция екенін біледі, сонымен бірге Тәуелсіз Қазақстанға ең бірінші сапар жасаған тұңғыш еуропалық лидер Франсуа Миттеран болатын. Осы жылдар ішінде біз бірлесе жұмыс істеп келеміз, стратегиялық әріптестік туралы келісіміміз де бар. Осының өзі біраз жайтты аңғартады", - деді Назарбаев.

Сіздің сапарыңыз біздің Ұлттық мерекеміз Тәуелсіздік күні қарсаңында өтіп отыр. Қазақстандықтар біздің Тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған Франция екенін біледі

"Содан бері дамып келе жатқан қарым-қатынастарымыз бүгінде стратегиялық серіктестік деңгейінде. Қазақстанда 100-ден астам француздық компания жұмыс істейді, көптеген бірлескен кәсіпорындар бар. Қазір ондаған бірлескен жобалар іске асырылуда. Сізбен бірге іскер топ өкілдерінің үлкен бір қауымы келгеніне қуаныштымын. Біздің кездесуіміз қарым-қатынастарымызды әрі қарай ілгерілетуге ықпал етеді деп сенемін", – деді мемлекет басшысы.

Франсуа Олланд та Қазақстан ірі саяси оқиғаларға ықпал етуге қауқарлы мемлекет екенін айтып, Францияның Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда қызығушылығы мол екенін жеткізді.

2008 жылы екі ел арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылғанын еске салып өткен Франция басшысы: "Атап айтқанда, франциялық инвестициялардың Қазақстанда тұрақты өсімі байқалуда. Менімен бірге министрліктердің, парламенттің, кәсіпорындардың, университеттердің өкілдері қамтылған үлкен делегацияның келуі Францияның Орталық Азиядағы ірі экономикасы бар Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда қызығушылығы мол екендігін байқатады", - деді.

Осы орайда ол Қазақстан экономикалық әлеуетін табысты жүзеге асырғанын, сонымен қатар еліміз әлемде маңызды саяси және дипломатиялық рөлді атқарып отырғандығын, Қазақстан ірі саяси оқиғаларға ықпал етуге қауқарлы екендігін қадап айтты.

Бұған Нұрсұлтан Назарбаев та Франция Қазақстанның жетекші сауда әріптесі болып табылатынын атап өтті.

Елбасы ресми Париждің Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдағанын, сонымен бірге Франция Қазақстанның жетекші сауда әріптесі екенін атап өтті.

"Франция біз үшін ірі инвестор, қазіргі таңда жүзден астам компаниялар француз капиталының қатысуымен жұмыс істеп жатыр. Біз білім беру саласында да ынтымақтасамыз. Астанада бүгін жоғару оқу орындарының бесінші форумы өтеді, Алматыда Орталық Азияда алғаш рет Сорбонна институтының филиалы ашылып отыр. Біздің елордамызда президент Шарль де Голльге ескерткіш ашылатынын білесіздер. Ол 1966 жылы сапарында Байқоңыр айлағында болып қайтқан еді", - деді мемлекет басшысы.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: