Олимпиада астанасы гей спортшылардың құқығын қорғауға міндеттеледі

Халықаралық олимпиада комитеті ЛГБТ-ны кемсітушіліктен қорғайтын жарғыны күшейтті. Аталмыш комитет Олимпиада хартиясына сексуалдық ориентация белгісі бойынша кемсітушілікке қарсы жаңа бөлім енгізуді бірауыздан қолдап дауыс берді.

 
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

"Олимпиада хартиясында көрсетілген құқықтар мен бостандықты пайдалану адамның нәсіліне, терісінің түсіне, жынысына, сексуалдық ориентациясына, тіліне, дініне, саяси немес өзге де көзқарасына, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік немесе басқа да мәртебесіне қарамастан ешқандай кемсітушіліксіз қамтамасыз етілуі тиіс", - делінген жаңа құжатта.

Ұсынылып отырған жаңа бөлім ХОК пен Олимпиаданы қабылдайтын қала арасында бекітілетін әр келісімшартқа енгізілмек. Енді, егер қабылдаушы ел немесе қала балаларды гей-насихаттан қорғау туралы заң қабылдаса, мұның арты үлкен дауға ұласуы мүмкін.

Өйткені ХОК мұндай әрекетті "адамның негізгі құқықтары мен бостандығын бұзу" деп санайтын болады.

Естеріңізге салып өтсек, Қазақстан 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге Алматы қаласын үміткер ретінде ұсынған еді. Қазір Қазақстанның бір ғана қарсыласы қалып отыр. Бұдан бұрын Стокгольм, Краков, Львов пен Осло 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге үміткерлер тізімінен шығып қалған.

2022 жылғы ойындардың астанасы келесі жылдың жазында Куала-Лумпурде Халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында анықталады. Дүйсенбі күні ХОК олимпиадалық қозғалысты 2020 жылға дейін дамыту стратегиясын талқылауды бастады.

Ал Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылары бұл жаңашылдықтан бейхабар екендіктерін айтты.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: