Обама қалталыларға арналған салық көлемін тағы ұлғайтпақ

АҚШ Президенті Барак Обама Конгреске арналған жыл сайынғы "Елдің ахуалы туралы" жолдауында ауқаттылар үшін салықты көтеруге және мұрагерлікке берілген құнды қағаздарды жинауға тағайындалатын жәрдемақыны алып тастауға ұсыныс білдірмек.


Бұл туралы америкалық әкімшілік өкілдеріне сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Ақ үй басшысы жылдық табысы 500 мың доллардан асып түсетін отбасылар үшін салық көлемін 28%-ға арттырмақ.

Қазір бұл көрсеткіш 23,8%-ды құрайды. Обама президент болып тағайындалғанға дейін салық көлемі 15%-ға тең еді.

Мұндай бастаманың Республикалық партия өкілдері тарапынан қолдау таппауы мүмкін. Себебі Конгрестің қос палатасында да өкілдері басым бар республикашылар бұған дейін де салықты көтеруге қарсылық білдірген.

Сонымен қатар Обама амрикалықтарды құнды қағазға ие болған сәттен бастап салық төлеуге міндеттемек. Бұл реформа жүзеге аса қойған күйдің өзінде тұрғындардың 1%-ын ғана қамтиды екен.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: