Оңтүстік Қазақстанда автобус пен камаз соқтығысты

Алматы-Термез тасжолында автобус пен жүк көлігі соқтығысып 1 адам қайтыс болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына жеткен полицейлер "Ванхол" жолаушы тасымалдайтын автобус пен "Камаз 5410" жүк көлігінің соқтығысып қалғанын көрген. Тәртіп сақшылары анықтағандай, 34 жастағы жүргізушісі автобус рөліне ие бола алмай, бір бағытта алдында келе жатқан "Камаз 5410" жүк көлігінің артынан соққан.

"Апаттан 37 жастағы автобус жолаушысы, Өзбекстан азаматы оқиға орнында көз жұмды. Ал автобустың жүргізушісі мен ондағы Өзбекстан және Сарыағаш ауданының 7 тұрғыны әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді", − дейді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Бұл факті бойынша қылымыстық кодекстің 296-бабы, "Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: