ОҚО-да сирек кездесетін қарақұйрықты атып алған дәрігер ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары "Қызыл кітапқа" енген қарақұйрықты өлтірген браконьерді қолға түсірді.


Ағымдағы жылдың 20 желтоқсаны күні Арыс ауданында өткізілген жедел-профилактикалық шарасы кезінде, оңтүстікқазақстандық полицейлер табиғатты қорғау инспекторларымен бірге Шардара-Арыс тасжолында "ВАЗ-21213" автокөлігін жүргізіп келе жатқан, қалалық ауруханалардың бірінде дәрігер болып қызмет атқаратын 33 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын тоқтатты.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары автокөліктен еттерге бөлшектелген, Қазақстанда сирек кездесетін, "Қызыл кітапқа" енетін қарақұйрық пен 12 калибрлі аңшылық қару, аңшылық оқтар мен тағы да басқа аңшылық саймандарды тапқан.

Бүгінгі таңда қажетті экспертизалар белгіленді. Дәлелді заттар алынды. Күдікті ешқайда шықпайтын жөнінде қолхат жазды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің 288 бабы "Заңсыз аңшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Аталмыш бапта 200-ден 500-ге дейінгі айлық көрсеткішті айыппұл салу немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жөнінде жазылған.

ыл басынан бері ОҚО полицейлері табиғатты қорғау заңдылығын бұзған 20 қылмыстық іс анықтаған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: