ОҚО-да ашуланған жүргізуші полицейдің погонын жыртып тастады

ОҚО-да жүргізуші полицейге жұдырық жұмсап, погонын жыртқан. ОҚО ІІД баспасөз қызметінен Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында болған оқиға жайлы хабарлады деп жазады Қазақпарат.


44 жастағы полиция майоры жол қиылыстарының бірінде бір топ ер адам дауласып жатқанын көреді. "Опель-вектра" көлігінің жүргізушісі өзі басып кетуге шақ қалған жүргіншімен керісіп жатқан. Жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды.

"Әңгімеге учаскелік полицей араласқаны сол еді жүргізуші, 37-жастағы жергілікті тұрғын тәртіп сақшысына тұра ұмтылды. Оның погонын жыртып, тұмсығынан бірнеше мәрте соғып жіберген", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Ордабасы ауданы колледждерінің бірінде оқытушы болып жұмыс істейтін ызақор жүргізуші уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Аталмыш факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 321-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Егер жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол 200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Бұдан басқа, бұл бапта 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: