ОҚО-да 60 жеңілжүрісті қыз есепке қойылды

Оңтүстік Қазақстанда облыс көлемінде орын алып жатқан адам саудасы фактілерін анықтау мақсатында 1-5 желтоқсан күндері аймақта "Стоп-трафик" іс-шарасы өткізілді.

Аталмыш шара барысында тәртіп сақшылары жеңгетайлықпен айналысудың екі дәйегін анықтаған.

Полицейлер Шымкент қаласындағы сауналарының бірінің қызметкерін жеңіл жүрісті қыздан тән саудасын жүзеге асыру мақсатында шақырғаны үшін 1000 теңге алып жатқан жерінен қолға түсірді.

Осы фактіге байланысты қылмыстық кодекстің 271-бабы бойынша "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Жыл басынан бері облыс аумағында жезөкшелiкпен айналысуға арналған орындар ұйымдастыру мен жеңгетайлықтың 27 дәйегі тіркеліп, соның 19-на қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар, "Стоп-трафик" жедел алдын алу шарасы кезінде полицейлер 60 жеңіл жүрісті қызды есепке қойды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: