ОҚО әкімі мемлекеттік сыйлыққа берілген ақшаны балалар үйіне аударады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов мемлекеттік сыйлық үшін берілген 2 млн теңгені балалар үйіне аударады.Фото: ru.ontustik.gov.kz

Еске сала кетейік, жақында Шымкент қаласындағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған авторлар ұжымы (А.Мырзахметов, Б.Әшірбаев, Н.Рустамов, Ә.Шүменов, Н.Бөкебаев) мемлекеттік сыйлықпен марапатталған.

Осыған орай, авторлар ұжымының мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов сыйлық үшін берілетін қаражатты балалар үйіне аудармақ.

Бұл туралы өңір басшысы "Түркістан" сарайында өткен "Тұғырлы бол, Тәуелсіздік!" салтанатты шарасынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтқан.

"Мемлекеттік сыйлықтың иегерлеріне қаржылай сыйлық берілетіні белгілі. Сыйлық алған біздің ұжымның әрбір мүшесіне 2 миллион теңгеден беріп отыр. Мен өз үлесімді балалар үйіне аударамын", - деді облыс басшысы Асқар Мырзахметов.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: