Нигерияда қару-жарақ тиеген Ресей ұшағы ұсталды

Нигерия билігі Ресей жүк ұшағын ұстады. Ұшақ осы елдің Кано қаласына қонуға мәжбүр болған. Оның бортынан құжатта көрсетілмеген қару-жарақ табылған.

Нигерия әскери-әуе күштері басшылығы ұшақтың ұсталғанын растады. Бірақ олар әзірге егжей-тегжейлі ақпарат тартаптай отыр.

Ұшақ Орталық Африка Республикасының астанасы Банги қаласынан Чад мемлекетінің астанасы Нджамен қаласына ұшып шыққан. Алайда Нджамен әуежайының уақытша жабылуы кесірінен Каноға қонуға мәжбүр болған.

Ресей ұшағының бортынан екі тікұшақ, бронды көлік және қару-жарақ салынған (болжам бойынша) жәшіктер табылған. Экипаждың бес мүшесі заңсыз қару тасу әрекетін тергеу үшін қамауға алынған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: