Назарбаев СІМ басшысына Ресей мен батыс қарым-қатынасынан көз жазбауды тапсырды

Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынастардың өрбуі мен жаһандық экономикадағы трендтерді саралауды тапсырды.Нұрсұлтан Назарбаев пен Ерлан Ыдырысов

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. Кездесу барысында Ыдырысов мемлекет басшысына халықаралық істерге қатысты жыл қортындысын баяндады.

Қазақстан Президенті 2014 жылдың халықаралық шаралар кестесі тығыз болғанына тоқталды.

"Кездесулер мен іс-шаралардың көп болуының арқасында өзге елдердің Қазақстанға деген қызығушылықтары артып, олармен өзара тиімді ынтымақтастық дамып келеді. Біз қабылдап жатқан іс-қимылдарды әлемдік қоғамдастық қолдайды. Қазіргідей жағдайда халықаралық ахуалды Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынастардың өрбуі мен жаһандық экономикадағы трендтер аясында үнемі саралап отыру қажет", - деді мемлекет басшысы.

Сыртқы істер министрі Қазақстан президентінің бастамаларына шетелдер тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанына тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: