Назарбаев: Ресейдің қуатын жете бағаламау дұрыс емес

Бүгін Ақордада Франция президенті Франсуа Олландпен келіссөздерден кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Батыстың Ресейге қарсы санкциялық саясатына өзінің бағасын берді.Нұрсұлтан Назарбаев

"Ресейдің қуатын жете бағаламау дұрыс емес. Бұл - аумағы бойынша ең үлкен мемлекет және ең бай ел", - деді Назарбаев.

Елбасы талқылаулар барысында Франсуа Олландпен бірге қалыптасқан ахауалдан шығудың жолын табу бағытында бірыңғай пікірге келгендігін атап өтті.

Сонымен қатар Назарбаев РФ экономикасы әлемдік экономикаға тығыз ықпалдаспағандықтан, Ресейге қарсы санкциялар тиісті әсерін бермейтіндігін айтты.

Қазақстан президенті Владимир Путинді либерал деп санайтындығын, сондай-ақ Путиннен кейін Ресейде национал-патриотизм немесе коммунистік реваншизм қандай болатындығы белгісіз екендігін жеткізді.

Ол Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынастары достыққа негізделгенін атап өтті.

"Ресей Қазақстанның өте үлкен көршісі және стратегиялық әріптесі болып табылады. Біздің ортақ шекарамыз 7,5 мың шақырымға созылып жатыр. Қазақстанда 3 миллионға жуық этникалық орыстар тұрады. Ал Ресейде 2 миллион қазақ өмір сүруде. Біз осындай жағдайда өзіміздің қатынастарымызды қалыптасқан достық және өзара сенімді негізде жалғастыруымыз керек", - деді Назарбаев.

Елбасы Еуразиялық экономикалық одақты құруға өзі бастамашы болғандығын және ЕО мен ЕАЭО арасында ынтымақтастықты дамыту керектігін жеткізді. Сонымен қатар Қазақстан президенті ЕАЭО-ның Қазақстан тәуелсіздігіне, саяси еркіндігіне еш қатысы жоқ екендігін қадап айтты.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: