Назарбаев Пәкістан президентіне Пешавардағы терактіге байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан президенті Мамнун Хусейнге Пешавар қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта басым көпшілігі мектеп жасындағы балалар болған, көптеген жазықсыз жандардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды мемлекет басшысы терең күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Қазақстан барша әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлкен қауіп төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризмнің іс-әрекеттерін үзілді-кесілді айыптайды. Пешавардағы жантүршігерлік оқиға радикалды топтарға өркениетті қоғамда орын жоқ екенін тағы да растады", - делінген жеделхатта.

Қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Пәкістан халқына Қазақстан халқының және жеке өз атынан көңіл айтқан Нұрсұлтан Назарбаев террорлық әрекеттен жапа шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: