Назарбаев Монако князін егіз балалы болуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Монако Князі II Альберді қызы Габриэлла мен ұлы Жактың өмірге келуімен құттықтап, жеделхат жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев ІІ Альберге және зайыбы Шарленге бақ-береке, ал нәрестелерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақыт тіледі.

Еске сала кетсек, 2010 жылдың маусымында Альбер мен оның қалыңдығы Шарлин Уиттстоктың атастырылғандығы туралы жария етілген еді.

2011 жылдың 11 шілдесінде жұбайлардың үйлену тойы өтті. Ал 2011 жылдың 1 шілдесінде азаматтық некеге тіркеу рәсімі, 2 шілдеде некелесу рәсімі болды.

Айта кетсек, князь жүрегін жаулаған Шарлин Уиттсток бұрын суда жүзумен айналысқан БАӘ-дегі мектеп мұғалімі болатын.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: