Назарбаев француз журналистеріне ұлттық құндылықтардан бас тартпайтынын айтты

Елисей сарайының иесі Ақордада! Бүгін Франция президентінің елімізге ресми сапары басталды. Франсуа Олландтың делегациясы құрамында әлемге әйгілі француз компанияның басшылары да бар.


Франсуа Олланд пен Нұрсұлтан Назарбаев

Жалпы бүгін екі ел арасындағы алыс-беріске қатысты бірнеше келісімге қол қойылды. Франсуа Олланд пен Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы жағдайды да назардан тыс қалдырған жоқ.

Париж, Батыс пен Ресей арасындағы текетіресте Астананы арағайын болуға шақырып отыр. Сондай-ақ президенттерге тікұшақ дауы, адам құқығы сияқты өткір сұрақтарға да жауап беруге тура келді. Бұл тарихта қазақ жеріне табан тіреген Францияның үшінші президенті.

Астанаға ресми делегация мүшелерін айтпағанда, Франсуа Олланд, Veolia, Airbus, Total сынды әлемге танымал корпорациялардың басшыларын ертіп келген. Соңғысының "Қарашығанақта" 16 пайыздық үлесі бар. Сондықтан Париждің Қазақстанда коммерциялық ғана емес, геосаяси мүддесі де жатыр.

Сол себепті Ақордаға инвестициясын түгендеп оның көлемін ұлғайтуға келгені анық. Олланд Арқа төсінде отырып, Астананы арағайындыққа салар ниетін танытты. Себебі Елисей сарайының қожайыны санкцияға байланысты қазір Ресеймен қырғи қабақ.

Украинаға қатысты біздің қатал ұстанымымыз бар. Ешқандай босаңсу болмайды.

Содан болар бүгінгі әңгіме ауаны, екі елдің арасындағы қатынастан гөрі Украинадағы жағдайға ауыса берді.

"Украинаға қатысты біздің қатал ұстанымымыз бар. Ешқандай босаңсу болмайды. Әзірге, президенттердің сөз таластыруынан басқа ештеңе шешіліп жатқан жоқ. Ресей Украинаның тұтастығын сыйлап оның Шығысындағы соғысты тоқтатуға міндетті.

Бұл ретте Қазақстан басшысының ұстанымы айқын.

"Мен ешкімнің, соның ішінде Путиннің адвокаты болғым келмейді. Бір анығы, жауласып, санкция салумен ештеңе шешілмейді. Бұл әлемдік экономиканың дамуын тежеп отыр. Сондықтан келісімге келіп, Украинадағы жағдайға қатысты тығырықтан шығар жол іздеу керек", - деді президент.

Бүгін Француз журналистері де тым белсенді. Нұрсұлтан Назарбаевтан Еурокоптер тікұшақтарының саудасы туралы сұрады. Себебі қазір экс-президент Николя Саркози, Қазақстанға осы ұшақтарды сату кезінде, мол ақша алды деп айыпталып жатыр.

Мен ешкімнің, соның ішінде Путиннің адвокаты болғым келмейді. Бір анығы, жауласып, санкция салумен ештеңе шешілмейді.

Бұл туралы Франсуа Олланд айтудан бас тартса, Елбасы өткір сұрақтан тайсалған жоқ.

"Қандай да бір қылмыстық іс жайында Қазақстанға ештеңе белгісіз. Сондай іс болса, оның нақты қандай іс екенін білгіміз келеді. Білсек, Францияның құқық қорғау органдарына жауап берер едік", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қызды-қыздымен шетелдік тілшілер әрнәрсені сұрап қоймаған еді. Мемлекет басшысы қонақтарға мән-жайға терең үңілмей, үстірт ойлайтындарын сыпайы түрде жеткізді.  Тіпті париждік журналистер Қазақстанда адам құқығы сақталмайды деп шықты.

"Қазақстанда адам құқықтары кейбір Еуропа елдерінен жақсы сақталады. Елімізде цензура, саяси қудалау жоқ. Әлемде бар демократияны сыйлай келе, біз өзіміздің құндылығымыз, төл мәдениет пен тарихымыздан бас тарта алмаймыз. Ұлттық қалпымызды сақтауымыз керек. Біздің ойымыз басқа, тіпті еуропалықтардан мүлдем басқа түс көреміз", - деп жауап берді елбасы.

Осылай деген Назарбаев, кейін екі жақты байланыстардың дамуын сөз етті. Еуроодақтың негізгі ойыншысы, әлемдегі бесінші экономика болып есептелінетін Францияның елімізге салған инвестициясы 11 миллиард доллардан асқан.

Қазақстанда адам құқықтары кейбір Еуропа елдерінен жақсы сақталады. Елімізде цензура, саяси қудалау жоқ.

Париж энергетика, машина жасау, фармацевтика, ғарыш саласына қаржы құйып, өздері де пайдаға кенелуде. Алыс-берісті жандандыруға қатысты бірқатар келісімдерге қол қойған президенттер соңында бокал түйістірді.

Франсуа Олланд елімізде 2 күн болады. Сондықтан Қазақстан басшысымен кез-келген тақырыпта еркін әңгімелесуге уақыты жетеді. Ал ертең Франция президенті Алматыға барып, Назарбаевпен бірге атақты Сорбонна институының бөлімшесін ашады. Сөйтіп, білім саласында да байланысты нығайтпақ.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: