Назарбаев Ақордада шетелдік елшілерді қабылдады

Бүгін Ақордада елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалған бірқатар шетелдік дипломаттың сенім грамоталарын қабылдады.Нұрсұлтан Назарбаев

Атап айтқанда, ел президентіне Италияның елшісі Стефано Раваньян, Швеция елшісі Кристиан Камилл, Чех елшісі Элишка Жигова, Литва елшісі Витаутас Наудужас, Мысыр елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагим, Үндістан елшісі Харш Кумар Джайн, Македония елшісі Илья Псаукиров, Қытай елшісі Чжан Ханьхуэй сенім грамотасын табыс етті.

"Сіздерді дипломатиялық миссияларыңыздың ресми түрде басталуымен құттықтаймын. Бүгінгі кездесу еліміз үшін аса маңызды күн Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Біз осы қысқа мерзімде мемлекетіміздің берік негізін қаладық. Заманауи экономика, орнықты саяси жүйе, салиқалы азаматтық қоғам орнаттық. Біз ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді қарқынды экономикалық өсім арқылы қамтамасыз еттік", - деді мемлекет басшысы шетел дипломаттарының сенім грамоталарын қабылдағаннан кейін.

Сонымен қатар Қазақстан президенті Сыртқы саяси ұстаным айқындығы мен еліміздің халықаралық беделінің көтерілгенін баса айтты.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: