Назарбаев: Қазақстан Орталық Азияның ең ірі транзиттік-көліктік, логистикалық хабына айналады

Қазақстан Орталық Азияның ең ірі транзиттік-көліктік, логистикалық хабы болады. Бүгін Ақордада Қазақстандағыелші болып тағайындалған бірқатар шетелдік дипломаттан сенім грамотасын қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.Нұрсұлтан Назарбаев

"Нұрлы жол" атты жаңа экономикалық саясатымызды іске асырудамыз. Біз индустиралды-инновациялық бағдарламамыздың екінші кезеңін іске асыруды бастадық. Біздің алдағы мақсатымыз - көлік инфрақұрылымын дамытып, Азия мен Еуропаны жалғайтын жол жасау. Қазақстан Орталық Азияның ең ірі транзиттік-көліктік, логистикалық хабы болады", - деді Қазақстан президенті.

Сонымен қатар, Елбасы Астана халықаралық "ЕХРО-2017" көрмесін өткізуге дайындалып жатқанын, бұл көрме болашақтың энергиясы деген тақырыппен ұйымдастырылатындығын еске салып өтті.

"Қазақстан-2050" Стратегиясы шетелдік серіктестермен де тиімді ынтымақтастықты қарастырады. Ең алдымен инвестициялық байланыс, технология алмасу салаларына мән беріледі. Инновациялар мен озық тәжірибелерді импорттау, елдің өнім экспортын ұлғайту мәселелері назарда болады", - деген мемлекет басшысы жаңа елшілердің қызметтері екіжақты байланыстарды барынша арттыратындығына сенетіндігін баса айтты.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: