NASA астероид құлағанда жойылатын елдерді атады

NASA астрономдары астероид құлағаннан кейін жер бетінен қай елдің жойылып кетуі мүмкін екендігін анықтады.

"WISE" телескобының көмегімен ғалымдар 47 мыңға жуық ірі астероидттарды зерттеді. Олардың 107-сі біздің ғаламшарға қауіпті екені анықталды.

Мамандар ғарыш денесінің бірі құлаған жағдайда, Жерде жер сілкінісі орын алып, жанартаулар атқылайды деп болжауда. Бұдан басқа, астрономдар астероидтің құлауы ықтимал деген 10 елдің тізімін ұсынды, деп хабарлады "Мир новостей" порталы.

Қауіп АҚШ, Бразилия, Нигерия, Қытай, Жапония, Үндістан, Италия сияқты ірі жағалауы бар елдерге төніп тұр. Аралдық мемлекеттерден Жапония, Индонезия, Ұлыбритания, Филлипины көп зардап шегетін көрінеді.

Астероидтардың құлауы салдарынан су тасқыны, цунами, торнадо орын алып, кейбір елдер толықтай жойылып кетуі мүмкін дейді ғалымдар.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: