«Найман» атымен танылған Қуат Хамитов ONE FC ұйымымен келісімге келді

Жанкүйерге  "Найман" деген лақап атпен танымал, аралас жекпе-жек өнерінің майталманы, "Alash Pride KZ" кәсіби жекпе-жек клубының мүшесі Қуат Хамитов әлемге белгілі ONE FC ұйымымен келісім шарт жасасты.


Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісінің MMA Kazakhstan Fighters парақшасында жария етілді.

Осылайша, Қуат бұдан былай жекпе-жек өнері бойынша әлемдік ареналарда сайыстарға шығатын болады.

Қуаттың жекпе-жек өнері бойынша жетістіктері төмендегідей: Қазақстан, Алматы қаласы, "Alash Pride KZ" командасының мүшесі

Сайыстық көрсеткіші: 17-3-0

Атақтары:

Грек-рим күресі бойынша спорт шебері;

Аралас жекпе-жектен "Bushido FC 47" Халықаралық турнирінің екі дүркін чемпионы, (Англия, Қазақстан);

Аралас жекпе-жектен SFL нұсқасы бойынша Халықаралық турнирдің жеңімпазы, (Үндістан, 2013ж.);

Аралас жекпе-жектен "Alash Pride FC" "Alem Alyby" Халықаралық турнирінің жеңімпазы, (2013 ж.);

Аралас жекпе-жектен RUFF нұсқасы бойынша Халықаралық турнирдің үш дүркін жеңімпазы, (Қытай, 2014ж.).

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: