Нұрлан Еспанов телевизиядан кетіп, журналистерге жол беретінін айтты

Әнші Нұрлан Еспанов  келесі жылдан бастап тек қана ән айтып, ешқандай бағдарлама жүргізбеймін деп отыр.


Бұл туралы ол baistars.kz сайтына берген сұхбатында айтқан.

"Осы ән әлемінде жүрген достарымның бәрі композитор, әнші достарым маған тиісіп кетті "Нұрлан сен баяғыда жақсы әнші едің, "Жас қанатқа" қатыстың, көптеген ән байқауларға шықтың. Қазір сені ән бағытынан жоғалтып алдық қой. Сен қойсайшы енді, журналистерге, жүргізушілерге кішкене жолыңды беріп, ән бағытына өтсеңші деген соң ойланып қалдым", - дейді әнші.

Осыдан соң ол енді  тек қана әншілігімді насихаттасам ба деген ойға келдім.

"Маған бір қолдау көрсететін кәсіпкер таныстарым "Нұрлан, саған екі бейнебаян түсіріп берсек, бағдарламаларға бара беруді қоясың ба?" деді. Мен келістім. Уәде бойынша 2 клип те жаңа жылға дейін түсірілу керек болған. Бірақ әлі біреуін де бастаған жоқпыз. Бірақ, енді кім біледі, қалталы азаматтар бір күнде-ақ түсіріп береді ғой. Мен дайынмын. Сол екі бейнебаянды бірден түсіріп беретін болса, жаңа жылдан кейін өзіме телевизияны мүлдем қоямын деп уәде бердім", - дейді Еспанов.

Көптеген әлеуметтік желі қолданушысының сұрағына жауап берген ол айына қанша ақша жұмсайтыныны да жария етті.

"Менің мойнымда 3 отбасы бар бар (өзінің, анасының үйі, інісінің отбасы), 8 мың АҚШ доллары маған 1 айға жетпейді. Оның үстіне қыздың, баланың оқуы бар", - деген әнші.

Бүгінде Нұрлан Еспанов "Жұлдызды дода" жобасына қатысып жатыр. Әлеуметтік желілерде Еспановтың әйел образында киініп шыққаны жиі сыналуда.

 

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: