Мысырда 20-дан астам тұрғын гомосексуализммен айналысты деген айыппен қамауға алынды

Каир тәртіп сақшылары қаладағы моншалардың бірінен жиырмадан астам ер азаматты ұстап, қамауға алды. Олардың барлығына қоғамдық орында гомосексуализммен айналысты деген айып тағылып отыр.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Рейдтік шара жексенбі күні орын алған. Полиция бөлімшесіне қала тұрғындарының бірі хабарласып, "қызтекелер" моншада жын-ойнақ құрып жатыр деп арызданған көрінеді.

Бұл жайында Рейтер агенттігі хабарлады. Полиция өкілдері моншадағы ер азаматтарды жалаңаш күйінде далаға алып шығып, тергеу жүргізген.

Қазір олар қамауда. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесін прокуратура шешетін болады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: