Метрода екі полицей жүкті әйелді босандырып алды

АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы метро стансасында айы-күні таяп тұрған жүкті әйел босанып қалды. Ал акушерлік қызметті қос полицейдің атқаруына тура келген.


Дәрігерлер келіп жеткенше шақалақ метро вагонында жарық дүниенің есгін ашыпта үлгерді. Бұл оқиға жерасты пойызының ішіндегі бейне камераға жазылып қалған.

Абырой болғанда, келіншек аяқ-қолын аман-есен бауырына алған. Метрода кіндігі кесілген сәбиді жолаушылар "рождестволық бала" деп атап кетті.

Ал ойламаған жерден жарық дүниеге бала әкелуге көмектескен тәртіп сақшылары бұл жаратушының бізге берген батасы деп отыр.

"Шынымды айтсам, метро вагонында әлдекім босанғалы жатыр деген хабарламаны естіген кезде таң қалдым. Әріптесімнің қолдап-қолпаштауымен қолғабымызды киіп, әлгі әйелді босандырып алдық. Біз үшін үлкен тәжірибе болды", - дейді  көлік полициясы офицері Даниэль Кабан.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: