Месси туралы деректі фильм әлем елдерінде көрсетіле бастайды

Алекс де ла Иглесианың деректі фильм форматындағы "Месси" фильмі "Барселона" супержұлдызының өмірін баяндайды.


Фото: ntv.ru

Спорттағы танымал тұлғалар қатысқан бұл фильмде Мессидің балалық шағынан қазіргі кезіне дейінгі табыстары мен жетістіктерін көрсетілген.

"Барсаның" жұлдызына айналған футболшының өмірі негіз болған "Месси" фильмінің тұсаукесері бейсенбі күні болады.

Әлем чемпионатының ақтық сыныны 10 күн қалғанда Рио-де-Жанейрода өткен іс-шарада фильмнің авторлары алғаш рет бейнеклипті халық назарына ұсынған болатын.

Фильмге сондай-ақ Мессидің кезіндегі жаттықтырушысы Пеп Гвардиола, командалас достары Пике, Пинто, Иньеста, Маскерано және бұрынғы команда сапындағы жолдасы Ньюэлл Олд Бойс қатысты. Аталған фильм белгілі елдерде түрлі датамен халық назарына ұсынылмақ.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: