Мерилин Монроның махаббат хаттары бәссаудада сатылды

Беверли-Хиллздағы Julien's бәссаудасында бейсболшы Джо Ди Маджионың атақты әнші әрі актиса Мерилин Монроға жазған махаббат хаттары сатылды.


Лоттың қорытынды нәтижесі 78 мың долларды құрады, деп хабарлайды Associated Press.

Хат ерлі-зайыпты Ди Маджио мен Монроның ажырасар сәтінде жазылған. Онда бейсболшы Мерилинмен ажырасқысы келмейтінін, тағы бір мүмкіндік беруін сұраған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Монроның үшінші күйеуі Артур Миллерге жазған хаты 43 мың долларға сатылған болатын.

1962 жылы 36 жасында есірткіні шамадан тыс қолданудан көз жұмған Монро өзі жинап жүрген хаттар коллекциясын ұстазы Ли Страсбергке аманаттап кеткен болатын.

Ол үш адаммен, Джим Догерти, Джо Ди Маджио және Артур Миллермен тұрмыс құрған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: