Мереке күндері Астанада полиция мен әскер жасақтары көбейеді

Жаңа жыл мерекесі күндері - 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін, сондай-ақ, 7 қаңтардағы православие Рождествосы мерекесі күні Астана қаласының ІІД жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет етеді.

 
Бұл туралы Алаш айнасы  хабарлайды.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік іс-шараларды өткізу бағдарламасын ескере келе, қоғамдық тәртіпті қорғауға мыңнан астам полиция қызметкері, 200-ден астам қызметтік көлік тартылады.

Оқиға орындарына уақытылы бару үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылды. Көшелер мен қоғамдық орындарда, әсіресе, кешкі және түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда патрульдік және әскери нарядтар көбейтіледі.

Қалада қондырғылар мен сыртқы безендіруді сақтау мақсатында сахналарды, мәдениет және спорт нысандарын қорғау қамтамасыз етіледі.

"Шеп" жүйесінің стационарлық бекеттерінде шыршаларды, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді және басқа да тыйым салынған заттарды заңсыз әкелуді бақылау күшейтілді.

Қазіргі уақытта орман қорғау органдарымен бірге қылқанжапырақты ағаштарды заңсыз шабу және сатуға жол бермеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сертификатталмаған пиротехникалық өнімнің заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған "Пиротехника -2014" жедел алдын алу іс-шарасы да қолға алынды. Мерекелік отшашулар өтетін орындарда қауіпті аймақтар қоршауға алынады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: