Мас күйінде көлік жүргізгендер қамауға алынып, қызметтен шеттетіледі

Жаңа жылдан бастап республика аумағында жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енеді. Бұдан былай мас күйінде көлік жүргізгендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Фото: metronews.ru

Қазір бұл кодекстің тиімділігі қазақстандық полицейлер арасында қызу талқыланып жатыр деп жазады bnews.kz.

"Қолданыстағы заңнама бойынша көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлға ішімдік ішіп немесе есірткі тұтынып, көлік жүргізгендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып келген болатын. Бұдан былай заңның бұл тармағын бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жаңа кодекс 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді", - дейді Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасының басшысы Рүстем Әбдірахманов.

Ендігі жерде жүргізу куәлігінен айырылған азамат мас күйінде қайта көлік жүргізсе, қатаң жазаланады. Яғни, 90 тәулікке дейін қамауға алынып, 3 жылға дейін белгілі лауазымды қызметтерге жұмысқа алынбайды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: