Малайзияның Air Asia әуе компаниясының ұшағымен байланыс үзіліп қалды

Әуе диспетчерлік қызметі Малайзияның Air Asia әуе компаниясының индонезиялық Сурабая қаласынан Сингапурге ұшып шыққан ұшағымен байланысты жоғалтып алған.

 
Бұл туралы индонезиялық БАҚ-қа сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айының басында "Малайзиялық әуе желілері" иелігіндегі Куала-Лумпур-Бейжің бағытындағы MH370 рейсін орындаған Boeing 777-200 ұшағы жоғалып кеткен еді.

Оның ішінде 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болды. Ұшақпен байланыс оның Малайзия астанасынан ұшып шыққан сәтінен кейін шамамен екі сағаттан кейін үзілді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: