Маңғыстау облысында 21 жастағы қыз жоғалып кетті

Маңғыстауда 21 жастағы қыз жоғалып кетті. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасап Алаш айнасы жазады.


Маңғыстау облысының құқыққорғау органындағылар Атамекен елді-мекенінен ұшты-күйлі жоғалып кеткен 21 жастағы қызды іздестіріп жатыр.

Аталған құзырлы мекеме келтірген деректер бойынша, Өзбекстан Республикасының тумасы Жадыра Төреғалиева Атамекен елді-мекенінде тұрған, ол 9 желтоқсанда сағат 10.00-де үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған.

Полиция мәліметі бойынша, қыздың жоғалу себебін анықтау үшін шұғыл іздестіру жұмыстары жүргізіліп, оның туыстары, куәгерлер сұралған. Оны іздеуге полицияның барлық құрамы жұмылдырылып жатыр.

Жоғалған қыздың түр-тұрпаты: бойы - 165-170 см, шашы қысқа, қара түсті. Үстінде қара күртешесі мен қоңыр жемпірі болған. Көк шалбар, қара етік киген. Қолында Nokia қалта телефоны болған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: