Мәсімов: Қытай бизнесінің Қазақстанға қызығушылығы жоғары

Қытай бизнесінің Қазақстанға қызығушылығы жоғары. Бұл туралы бүгін елордада өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты.


"Қытайда "Достықтың құны жоқ" деген мақал бар. Қазақстан мен Қытай ежелден серіктес әрі дос саналады. Біз серіктестік деңгейін жоғары бағалаймыз. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы сенімге толы байланыс осынау достықтың дәлелі", - деді Мәсімов.

Сонымен қатар кеңес отырысына көптеген қытайлық бизнесмендер келгенін әрі олардың Қазақстанға қызығушылығы жоғары екендігін баса айтты.

"Қытай бизнесiнiң біздің елiмiзге қызығушылығының жоғары екендiгiн байқадым. Өз кезегiмде, бiздiң де тараптың қызығушылығы бар екендігін қуаттаймын. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық өзара байланыстар кеңейіп, гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың, адамдар арасындағы байланыстың тереңдеп отырғанына қуаныштымын. Алайда, біздің қарым-қатынасымызды дамыту әлеуеті өте жоғары", - деді Кәрім Мәсімов.

Сонымен қатар премьер-министр екi елдiң ортақ қызығушылықтары мен бiрлесе шешуi тиiс мәселелерi бар екендiгiн де атап өтті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: