Мәжілісмендер биыл жаңа жылды қалай тойлайтынын айтты

Биыл мәжілісмендер комитет бойынша жеке-жеке Жаңа жылды қарсы алу әдетінен бас тартпақ. Бұл туралы мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров мәлімдеді.


Оның айтуынша, биыл корпоративтік кеште мәжілісмендердің барлығы бір жерде бас қосады.

"Депутаттар бірінші рет бірге жалпы корпоративтік кешті өткізуді шешті. Бірақ, бәрі емес. Бір адамнан - 25 мың теңге. Мейрамханалардағы орташа баға 15 мың", - Қоңыров.

Оның айтуынша, халық қалаулылары Астанада өтетін қайырымдылық шырша билеттерін сатып алған. Оған бару міндетті емес, бірақ шараны барлық мәжілісмендер қолдады, деді Айқын Қоңыров.

Жаңа жылды қайда қарсы аласыз деген сұраққа, отбасыммен бірге боламын деп жауап қайтарды.

"Жаңа жыл - бұл отбасылық мереке. Әдетте, мен, әкем мен жұбайым, ұлым мен қызыммен қарсы аламын. Сыйлықтарды шыршаның астына қоямыз. Ал 1 қаңтар күні барлығымыз ашамыз. Дастархан үстінде міндетті түрде "Советское шампанское" және "Оливье" салаты тұрады", - деді Қоңыров.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: