Мәжіліс төрағасы Мамытбековке кешікпей жүру туралы ескерту жасады

Бүгін Мәжіліс 2014 жылдың соңғы жиынын өткізді. Үш сағатқа созылған жалпы жиынға Үкімет мүшелері заң жобаларына толы құшақ-құшақ қағаздарын арқалай келгенімен, депутаттық сауал небәрі біреуден аспады деп жазады Алаш айнасы.


Отырыстың соңында сөз алған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков депутаттардың жаңа жылмен құттықтауды жөн көрді. Жыл бойы бірге жұмыс істеген халық халық қалаулыларына ақ жарма тілек айтуды ұмытқан жоқ.

"Сіздерге Үкімет жұмысына қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Қашанда бірлесіп жұмыс істеуде құжаттарды уақытылы қабылдап отырдыңыздар. Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын", – деді ол.

Одан кейін Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов министрге: "Асылжан, сен Аяз ата емессің, министрсің! Екінші әрі бұл жаққа келмей, қалып қойма!", – деп әзілге бұрды.

Сондай-ақ, бүгін Мәжілістің бірқатар депутаттары арнайы марататтауларға ие болды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: