Мұхтар Шаханов өміріне қастаңдық ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді

Ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өміріне қастаңдық жасалғанын мәлімдеді.

Ақын Мұхтар Шаханов өзіне абақтыда отырған Қалибек Қыдырбайұлы есімді азаматтан 22 беттік  хат келгенін айтты. Онда өзінің күнделікті жұмысы мен үйіне баратын жол, ақын серуенге шығатын орындар қадағалауға алынғаны айтылады.

"Мақсат - белгісіз азаматтар ақынға жол-көлік апатын қолдан ұйымдастырып, өмірін қиғысы келеді", - дейді хат авторы.

Қалибек Қыдырбайұлы есімді азамат хатында бұл жоспарды сенімді адамдарынан естігенін, тіпті, аудио дәлелі барын да айтқан.

Ал басқа жазушы Хасен Қожахмет Мұхтар Шаханов осындай қауіптерді өз қолымен, байбалам сала отырып құрастырудың шебері дейді. Оның сөзіне сенсек, бұған дейін де халық ақыны ел алдында абыройын асқақтата түсу үшін мұндай жағдайларды өзі бірнеше рет ұйымдастырған.

Шахановқа қастандық жоспарлануда деген ақпарат тарай салысымен, әлеуметтік желілерде үлкен талқыға түскен еді. Кей азаматтар ақынды қорғаштаған ұлтшылдар,онды қандай да бір саяси әрекетте пайдаланғысы келеді деген пікірлер де айтты.

Ал Шахановқа жасалынуы мүмкін деген апатқа алаңдаған Ғабиден Жәкей алыпқашпа әңгімелерге сенбейді. Оның тоқтамы жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды дегенге саяды.

"Мен Мұхтар аға осы жасқа келгенде осындай оқиғаны өзі ойлап тапты дегенге сенбеймін. Шынымен де өміріне қауіп бар деп ойлаймын", - дейді ол.

Шахановтың өзі өміріне алаңдағандар абақтыдағы хат авторының бостандықтағы жақын туыстарымен кездесіпті. Алдағы уақытта ақын айтылған сөздің растығын дәлелдеп беру үшін айғақтар іздеп жүр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: