Литвада миллионерлер саны 10 есеге қысқарып қалған

Литвада еуро валютасына өткен кезеңнен бері ресми тіркелген дәулетті адамдардың қатары 10 есеге қысқарған.

 

Бұл туралы Delfi басылымы мемелекеттік салық инспекциясына сілтеме жасай отырып жазады.

Қазір бұл елде миллиондаған активі бар 189 бай адам тұрады. Ал 2013 жылы декларация тапсырғандардың ішінде дәулетті адамдардың саны 1 693-ке жеткен болатын.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Литвада еуро валютасы енгізілді. Айта кету керек, осылайша Литва еуроаймақтың 19-ші мүшесі атанды, деп хабарлайды kazakh-tv.kz.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: