Ли Кэцян: Қазақстанмен тату көрші болуға көңіл бөліп отырмыз

Елдердің бiрлесе отырып, бейбiшiлiкте дамуы бүгiнгi күн мен осы дәуiрдiң басты талабы. Бұл туралы бүгiн Үкiмет үйiнде өткен брифинг барысында ҚХР Мемлекеттiк кеңесiнiң премьерi Ли Кэцян мәлiмдедi.


Ли Кэцян

"Бiрiншiден, елдердің бiрлесе отырып, бейбiшiлiкте дамуы бүгiнгi күн мен осы дәуiрдiң басты талабы. Сондықтан, Қытай үкiметi өңiр мен әлем елдерiмен арадағы ынтымақтастықты, бiрлесе өркендеу мен бейбiтшiлiкте дамуды қамтамасыз етуге үздiксiз түрде ұмтылатын болады. Осы орайда, бiз болашақта да Қазақстанмен тату көршiлiктi, өзара түсiнiстiк, өзара тиiмдiлiк пен ынтымақтастықты дамытуға баса көңiл бөліп отырмыз", - дедi Ли Кэцян .

ҚХР мемкеңес басшысы өз сөзiнде екiжақты ынтымақтастықты тереңдете түсуде күш жұмсау қажеттiгiн тiлге тиек еттi.

"Қытай Қазақстанның iрiлiгi жағынан екiншi сауда серiктесi болып табылады. ТМД аймағында шетел инвестициялары бойынша Қазақстан бiрiншi орында. Қазақстан сонымен қатар бiздың сыртқысауда операцияларымызда екiншi орында табан тiреген", - деді ол.

Ли Кэцян болашақта Қазастан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың шикiзат секторына өтетiнiне үмiт артты.

"Бiздiң компаниялар арасындағы ынтымақтастық орталық деңгейден өңiрлiк деңгейге өтедi деп үмiттенемiн. Үшiншiден, азаматтар арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрi жандандыра түсу керек. Бұл болашақта бiздiң халықтарымыздың жақындаса түсуi үшін қажет. Бұл Қазақстан мен Қытай достастығының негiзi болып табылады. Бiздiң халықтарымыз арамызда ортақ мәдениет, құндылықтар, өркениет бар екенiн бiлесiздер. Мұның барлығын бiздердi сiздермен мәдени қатынастарымызда табиғи серiктестер етедi", - деп түйдi өз ойын ол.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: