Кулагин Калачи тұрғындарын көшіруге уәде берді

2015-2016 жылдары Калачи селосы мен Красногорск кентінің тұрғындары толығымен көшіріледі.

Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Сергей Кулагиннің аталған елді мекен тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді деп, хабарлайды Қазақпарат.

"Қазір біздің басты мақсатымыз - тұрғандарды көшіру үшін қаражат көзін табу. Қалай ақша бөлінеді, 2015-2016 жылдар аралағында барлық тұрғындарды бірден көшіруге кірісетін боламыз", - деді облыс әкімі Сергей Кулагин.

Облыста аталған елді мекен тұрғындардын көшіру мәселесі бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың басшылығымен жұмыс комиссиясы құрылған.

Комиссия әрбір отбасымен жекелей жұмыс жасап, барлық мүмкіндіктерді қарастырмақ. Алғашқы болып, балалары бар отбасыларын көшіру көзделіп отыр.

Бірінші кезекте, Калачи селосы мен Красногорск кентінің тұрғындары Есіл, Державинск қалаларына және сол маңдағы жақын елді мекендерге көшіру мәселесі қаралады.

Сондай-ақ, облыс аумағындағы өзге де елді мекендерге де көшірілуі мүмкін.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: