Коррупцияға қарсы мекеме қызметкерлерін детектормен тексеріп қабылдайды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өз жобаларына белсенді азаматтық ұстанымы бар жастарды тартады.

Бұл жөнінде бүгін Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне арналған 1-ші жастар форумында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев айтты.

 

Оның атап өтуінше, агенттік саясаты жемқорлықтың тамырына балта шабу жұмыстарына жастарды барша тартуға бағытталған. Агенттік өзінің жобалар мен бастамаларына белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдарды тартуға ниетті екенін атап өтті.

Сонымен қатар Шпекбаев Қазақстанның жаңа жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың басты шарты мемлекет пен қоғамның күш-жігерін топтастыру екендігін баса айтты.

"Бұдан бөлек, жемқорлыққа қарсы саясаттың табысты жүзеге асырылуы жемқорлықтың алдын алудағы жүйелі шараларға байланысты. Оның негізгі құралдары оқу және ағарту ісі екендігі сөзсіз. Сондықтан да агенттік әртүрлі мақсатты аудиторияға арналған оқыту бағдарламаларының жобасын әзірледі", - деді Алик Шпекбаев.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: