Коммунистер қайыршыларды қорғауға шықты

Коммунистер сүрініп кетіп бүлініп жүрген жандарға көңіл бөлуді қойған Үкіметті сынға алды. Мәжіліс депутаты Владислав  Косаревты келер жылдан бастап кезбелерге салынатын айыпұлдың көлемі шошытып отыр.

Мәжілістегі коммунистердің көсемі ипотекаға үй беруді тоқтату керек дейді. Өйткені, банкке берешегін қайтара алмағандар қаңғыбастардың қатарын толықтырып жатыр. Сондықтан тағдырлардың бүлінбесі үшін Үкіметтен адамдарға тым құрыса күнкөріске жететін жалақысы бар жұмыспен қамтуды талап етті.

Бір өкіншітісі қайыр тілеп қаңғыбастық жолға түскендердің арасында жастар көп. Мұның алдын алмаса жыл сайын көбейіп жатқан бұл әлеуметтік топ келешекте шенеуніктердің бас ауруына айналуы мүмкін.

Ал бұлармен күресуден шаршаған Ішкі Істер министрлігі жаңа жылдан бастап қайыршылар мен қаңғыбастарға 10 мың теңге көлемінде айыппұл салмақ.

Жүзеге аспай жатып қатал сынға ұшыраған бұл бастаманы коммунистер "ақымақтық" деп отыр.

"Бұл мемлекеттік деңгейдегі ақымақтық. Онсыз да көше кезіп, бір түйір нанды қалай тапсам деп жүрген адамнан айыппұлды қалай өндіреді? Бұл сұмдық қой. Сондықтан, Үкімет олардың ондай жолға түсуіне жол бермеуі керек", - дейді мәжіліс депутаты Владислав Косарев.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: