Көршісін өлтірген БҚО тұрғыны он үш жылға сотталды

Батыс Қазақстан облысында тұрмыстық келіспеушіліктерге бола көршісін өлтірген ер адам 13 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көршісін өлтірген БҚО тұрғыны 13 жылға сотталды

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, үйінің ауласында араққа масайып алған Курохтин гаражына бара жатқан көршісін көріп, онымен арада болған тұрмыстық келіспеушіліктерді есіне түсіреді де, үйінде заңсыз сақтаған тапаншасын алып шығып, аулада ешкім жоқ кезде көршісінің қолы мен мойын тұсына екі рет оқ атады.

Атылған жарақаттан жәбірленуші есігі ашық жатқан жер төленің ішіне құлаған. Сол кезде қылмыстық ойын соңына дейін жеткізуді көздеген Курохтин жер төлеге жақындап келіп, басына екі қайтара тағы оқ атады. Көршісі есін жимастан сол жерде көз жұмған. Ал Курохтин оқиға орнынан ізін суытқан.

Соттың үкімімен Н.Ф. Курохтин ҚР ҚК 251 б.1 б., 96 б.1 б. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге кесілді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: