Көріпкелдер алдағы қой жылына болжам жасады

Көріпкелдер алдағы қой жылына болжам жасап қойды. Оларға сенсек, биыл нағыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жыл болады.2015 жыл қолайлы жыл болады деп болжануда

Астрологтар адамдардың тағдырында оң өзгерістер көбірек кезігеді дейді. Отарымен жүруге үйренген қой жалғыздықты жақтырмайды. Сондықтан алдағы жылы басы бос азаматтар отбасын құрғандары абзал деп хабарлайды КТК арнасы.

Туған туыстарға көбірек көңіл бөлген жөн. Сондай-ақ, асықпайтын жануардың жылы болғандықтан, атүсті шешім қабылдамау керек. Маңызды мәселелерді әбден кесіп-пішіп алып барып жүзеге асырыңыз.

Ал жаңа жыл дастарханында қара нан мен түрлі көкөністердің көбірек болғаны дұрыс. Аса ырымшыл жандарға мерекені қойдың жүнінен тоқылған киім киіп қарсы алуға кеңес беріледі.

"Алдағы жылы қой ауыл шаруашылығымен, жер өңдеумен айналысатын жандарды қолдайды. Сондай- ақ, биыл жер немесе жылжымайтын мүлік сатып алуға бел буғандардың жолы болады. Жаңа жылда көптеген отбасылар күтпеген жерден сәбилі болып қалуы да мүмкін", - дейді көріпкел Галина Гурьянова.

Қазақстандағы және әлемдегі басқа да жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыздар!

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: