Көкшетауде екі жігіт көліктердің нөмірілерін ұрлап, иелеріне қайта сатып алуды ұсынған

Көкшетауда жеңіл көліктердің мемлекеттік нөмірілерін ұрлаумен айналысып келген ерекше ұрылар қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

Полицейлердің мәліметі бойынша 19-20 жас аралығындағы екі жігіт жеңіл көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлаумен айналысқан.

Олар алдымен көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ағытып алып, көлік иелеріне байланыс ақпаратын қалдырып отырған. Онда көлік иелеріне "Qiwi-кошелекке" ақша аудару арқылы көліктерінің нөмірлерін қайта сатып алуды ұсынған.

Осылайша, үш көлік иесі "Qiwi-кошелекке" 20 мың теңге ақша аударып барып, құқық қорғау органдарына арыз жазған.

Кейін аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы бойынша (ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, 1994-1995 жылғы екі көкшетаулық қолға түсті. Олардың 2014 жылдың 6 қаңтарынан бастап, осындай 20 қылмыс жасағаны анықталды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: