Көкшетауда бойжеткенді 16 сағат бойына қамауда ұстаған қылмыскер табылды

Көкшетауда 22 жастағы қыз өзін 16 сағат бойы күштеп ұстаған жас жігіттің үстінен полицияға арыз жазды деп хабарлайды bnews.kz.


Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнара Пинчук мәлім еткендей, 1992 жылы туған бойжеткен полицияға жүгініп, 24 жастағы Көкшетау тұрғынына қатысты шара қолдануды өтінген.

Қыздың айтуынша, жас жігіт оны түнгі сағат 01:00-ден күндізгі 17:00-ге дейін күштеп ұстаған, сондай-ақ қызға дене жарақатын салған.

"Адамды заңсыз бас бостандығынан айырған күдікті ұсталды, тексеріс жүріп жатыр", - деп мәлімдеді  Пинчук.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: