Жанар Дұғалова Әли Оқаповпен ара-қатынасы туралы айтты

Жақында ғана "Turkvision-2014" байқауында топ жарған әнші Жанар Дұғалова comode.kz сұхбат беріп, Әли Оқаповпен ара-қатынасы туралы айтты.


"Сіз әнші Әли Оқаповпен бірге көпшілік назарына жиі ілігесіз. Араларыңызда сезім бар деген сыбыс қаншалықты рас?", - деген сұраққа Жанар:

"Әли менің бауырымдай болып кеткен адам. Арамызда тек достық қарым-қатынас қана бар. Бір-біріміздің өнерімізді бағалап, қолдау көрсетіп отырамыз", - деп жауап берген.

Сонымен қатар, әнші өзіне қандай жігіттер ұнайтынын да жасырған жоқ. 

"Аллаға сенетін, рухани бай, ақылды, сабырлы жігіттер ұнайды. Ал көркі өзім үшін тартымды болса жеткілікті. Өзгелердің пікірі мен үшін маңызды емес. Сондықтан, жүрек үніме ғана құлақ асамын", - деді ол.

Әнші сондай-ақ, өзінің қазір ұнатып жүрген адамы бар екенін және болашақ жарының өз өнерін түсінуі керектігін айтқан.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: