Жамбыл облысында жүздеген адам үсіп қала жаздады

Демалыс күндерінен бері толлассыз соққан осы бораннан Жамбыл облысында бес жүзге жуық адам үсіп қала жаздады.


Себебі қарға адым жер көрінбейтін ақтүтекте Күйік, Шақпақ асуларынан көліктер өте алмай тұрып қалған. Құтқарушылар екі тәулікте 70-тен аса техниканы қар құрсауынан шығарды.

Бір аптадан бері Жуалының қауіпті екі асуы жолаушыларды әуреге түсіріп жатыр. Өте қалың жауған қар мен секундына 30 метрге дейін соққан күшті желден табан ізі көрінбеді.

Айша-Бибі бекетінен көліктің барлық түріне жолға шығуға тыйым салынғанымен, асуларда техника бөгеліп қалды. Құтқарушылар екі күнде 500 жолаушыға көмек көрсетіп, қарға батып қалған 70-ке жуық машинаны сүйретіп шығарды.

Ал синоптиктер алдағы үш күнде тосын жағдай болмайды деп сендіріп отыр. Дегенмен әлі төрт бірдей облыста сақтық шараларына байланысты жолдағы қозғалысқа шектеу қойылған.

"47 жолаушы Новосібірден Ташкенткке бара жатырмыз. Төрт тәуліктен асты, әлі жүріп келеміз. Қарағандыда бір күн тұрып қалдық. Миграциялық карточка бес күнге берілген, мерзімі өтіп кетсе айыппұл төлейін деп тұрмыз. Екі күнде жетеміз деп ойлағанбыз, ақша да бітті", - дейді  Өзбекстан азаматы Әзім Дәменбаев.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: