Жамбыл облысында беліне есірткі орап өтпек болған қылмыскер ұсталды

Жамбыл облысында "Қордай" кедендік бекетінің қызметкерлері есірткі тасымалдаушыны қолға түсірді. Отыз жастағы қырғыз азаматы есірткінің аса ауыр түрін беліне орап алып өтпек болған.


Кеденшілер жателдік азаматтан бірден сезіктенген. Өйткені әдеттегі "Өзіңізбен шекарадан алып өтуге тыйым салынған заттар жоқ па?" деген сұраққа қобалжып, күдік тудырады.

Тіпті қашуға әрекеттенген. Бірақ оның бұл жымысқы ойы жүзеге аспады. Тексеру кезінде күдіктіден ірі көлемде жалпы салмағы 495,11 грамм героин табылды.

Қазір оның үстінен  қылмыстық іс қозғалды. Облыстық кедендік кіріс департаменті "Қордай" кедені бастығының орынбасары Бекен Нұрахметовтың айтуынша, есірткі алып өтуге әрекеттенетіндердің дені – қырғыз азаматтары.

Бұған себеп көрші елдегі халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі көрінеді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: