Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша жастардың жасы ұлғайтылады

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы жастарды да жарылқамақ. Енді мемлекеттік бағдарлама бойынша 35 жасқа дейінгі жас отбасылар да пәтерден үміттене алады.

Жас мөлшерін ұлғайту мәселесін Ұлттық экономика министрлігі қарастырып жатыр. Оның жөні бар. Өйткені, бұған дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша, салынған пәтер жасы 29-ға толмаған жас отбасылардың арасында бөлінетін. Осындай әділетсіздікке күйінгендер талай шағымданған. Жанайқайлары Үкіметке енді жеткен сыңайлы. Жас мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныс қазір Ұлттық экономика министрлігінде жан-жақты қаралуда. Бір анығы жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша, баспананың бір шаршы метрі Астана мен Алматыда 200 мың теңге болып белгіленіп отыр. Ал облыста бұл сома 150-185 мың теңгеден аспауы тиіс. Сөйтіп жалға берілетін пәтерлердің ай сайынғы төлемі 50 мыңның көлемінде болады. Бірақ, бұл бағдарламамен баспана алу үшін адамдар әкімдікте кезекте тұруы міндет. Сондай-ақ, жағдайы жоқ азаматтарға ипотека 30 жылға дейін берілмекші. Жаңа тұрғынүй бағдарламасы келер жылдан жүзеге асуы тиіс. Оған алдағы үш жылда бюджеттен 180 миллиард теңге бөлінеді.
Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: