Жаңа жылды қазақстандықтар жауын-шашында қарсы алады

31 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен жауын-шашынды болып, қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді.


Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысында - кей жерлерде бұрқасындатады, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Таяудағы тәуліктерде Сырдария өзенінде, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында мұз қатуы әлсірейді, су деңгейі көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде мұз қатуына байланысты су деңгейі құбылады. Қазақстанның батысындағы, солтүстігіндегі және орталық облыстарындағы су нысандарында қысқы режим сақталады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: