Жаңа жылдан бастап бензин 115 теңгеге арзандауы мүмкін

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап АИ-92 бензині қайтадан 115 теңгеге арзандауы мүмкін. Бұл туралы әлеуметтік желілердегі жеке парақшасында Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев мәлім етті, деп хабарлайды bnews.kz.


"Министр Владимир Школьниктің "Бензин акциздерінің ставкалары туралы" ақпаратын тыңдадық. Экономикада туындаған жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында бензин, дизельді отын акциздерінің ставкасын (авиациялық отыннан бөлек) Үкіметте бекіту ұсынылып отыр. Осының арқасында 1 қаңтардан бастап 92 маркалы бензин бағасын 128 теңгеден 115 теңгеге, дизельді отын бағасын 115 теңгеден 107 теңгеге арзандатуға мүмкіндік туады", - деп жазды депутат Мұхтар Тінікеев Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: