Жаңа жыл және Рождество кезінде полиция күшейтілген режімде қызмет атқарады

Көлік полицейлері Жаңа жыл және Рождество мерекелері кезінде күшейтілген режімде қызмет атқарады деп хабарлайды ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

"2014 жылдың 31 желтоқсаны мен 2015 жылдың 4 қаңтары, сондай-ақ жаңа жылдың 7-8 қаңтары аралығында ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы Жаңа жыл және Православие Рождество мерекелері кезінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшіріледі", - делінген хабарламада.

"Мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуға ерекше назар аударылады. Департаменттің 900-ден аса қызметкері аумақтық ІІД-мен бірлесе отырып, еліміздің 127 темір жол вокзалы мен 16 әуежайында жолаушылардың қауіпсіздігін күзетіп, қылмыстардың алдын алады", - деді Департамент басшысының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов.

"Ол үшін оқиға орнына жедел шығу және қылмыстарды ізін суытпай ашуды қамтамасыз ету мақсатында қосымша арнайы жедел тергеу тобы құрылмақ", - деп қосты ол.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарында құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: