Иран президенті мұнай бағасының келісіп түсірілгенін айтты

Иран Президенті Хасан Роухани мұнай бағасын бірқатар елдер сөз байласып төмендетті деп санайды. Бұл туралы ол Министрлер кабинетімен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды "РИА Новости".


Роухани ел үкіметіне экономикалық жағдайды қолға алып, келер жылғы бюджеттің мұнай бағасына тәуелді болмауын қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, ол мемлекеттің теміржол және авиациялық транспорт әлеуетін, транзиттік мүмкіншіліктерін белсендірек қолдануға шақырды.

Сонымен қатар, Иран ОПЕК елдерінің бағаны белгілеу бойынша "тайталастарына" қарамастан, мұнай өндіру көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Өткен аптада Сауд Арабиясының "Saudi Aramco" (Сауди Арамко) мемлекеттік компаниясы АҚШ пен Азияға алдағы жылдың қаңтарына мұнайға рекордтық жеңілдіктер жасаған.

Мәселен, Азияға берілген жеңілдік барреліне 2 долларды құрамақ. Ал америкалықтарға "Basrah Light" (Басра Лайт) мұнай маркасы 30 пайыздық жеңілдікпен сатылуда.

Өз кезегінде еуропалылықтар да тапсырыс мөлшерін ұлғайтқан. Айта кетейік, 27 қарашада ОПЕК мұнай өндіру квотасын күніне 30 миллион барельге дейін өндіруге рұқсат берген болатын. Бұдан кейін әлемдік мұнай бағасы күрт құлдырап кетті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: