Instagram-ның бағасы $35 миллиардқа жетті

Американың Facebook компаниясына тиесілі сурет жариялауға арналған Instagram әлеуметтік желісі 35 млрд АҚШ долларына бағаланды. 


Мұндай құнды Citibank инвестбанкінің сарапшысы Марк Мэй беріп отыр. Бұған дейін аталған банк Instagram-ды 19 млрд  деп бағалаған болатын.

Мэйдің сөзіне қарағанда, әлеуметтік желінің қымбаттауына сұраныстың тым артуы және жарнама пайдасының ұлғаюы себеп. Ал Bloomberg-тің жазуынша, бизнестің 35 млрд АҚШ долларына бағалануы оны American Airlines және Kraft Foods компанияларымен тең дәрежеге шығарады.

Естеріңізде болса, Facebook Instagram әлеуметтік желісін 2012 жылдың сәуірінде 1 млрд АҚШ долларына сатып алған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: