Instagram әлеуметтік желісі Twitter-ді басып озды

Instagram әлеуметтік желісін пайдаланушылар саны бір айда 300 миллионнан асып жығылды. Осылайша ол Twitter-ден 16 миллион артық пайдаланушы жинап, өзінен 4 жас үлкен желіні артқа тастады.

 

Соңғы 4 жыл ішінде екі достың арманындай көрінген дүние бүгінгі күні миллиондаған адамның күнделікті ермегіне айналды. Бұл әлеуметтік желілерде күн сайын 70 миллионнан астам сурет пен бейнеролик жарияланады.

Instagram әлеуметтік желісінің бас директоры Кевин Систромның хабарлауынша, жақын арада желіде танымал адамдарға, спортшыларға және брендтерге арналған арнайы аккаунттар ашылады.

Instagram – суреттер мен бейнероликтер жариялауға арналған әлеуметтік желі. 2010 жылы құрылған желіні пайдаланушылар саны бүгінде жүздеген миллион адамға жетіп отыр.

Компания өкілдері 2013 жылдың қыркүйегінде желіні белсенді түрде пайдаланатындар саны 150 млн адамға жеткенін хабарлаған еді, ал биылғы жылдың наурызында бұл көрсеткіш 200 миллионнан асып жығылды.

Twitter – хабарлама жазысуға арналған әлеуметтік желі, ол 2006 жылы құрылған. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күні желіні белсенді пайдаланушылар саны 284 млн адамға жеткен.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: